Тітіркендіргіш дәрілер. Тітіркендіріш заттар сезімтал жүйке ұштарын белсендіреді және тітіркендіріп қозу әрекетін арттырады

Тітіркендіріш заттар сезімтал жүйке ұштарын белсендіреді және тітіркендіріп қозу әрекетін арттырады. Сонымен қатар, зақымдалған мүшені немесе тінді иннервациялайтын орайлас жүйкеге орталық жүйке жүйесі арқылы алаңдатумен, ауыру сезімін басады. Олар сонымен, теріге жергілікті әсер көрсетеді, ол биологиялық белсенді заттардың – гистаминнің, брадикининнің және серотониннің бөлінуіне әкеледі. Бұл топқа жататын негізгі тітіркендіргіш дәрілер: қыша қағаз, скипидар, ментол, аммиак ерітіндісі, терпентиннің тазаланған майы жатады.

Қыша қағазы(Charta sinapis)– қағазға жұқалап жағылған майсыз қыша қоспасының ұнтағы, ол мирозин және синигрин гликозид ферменттерінен тұрады. Әсер етуші заттардың ықпалынан ыдырап - өткір иісі бар, шырышты қабатты және теріні қатты тітіркендіретін қыша майының эфирі.

Емдік ықпалы терінің жүйке ұштарын тітіркендіру салдарынан рефлекторлы реакциялар пайда болады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Қабынуға қарсы дәрілер ретінде ( алаңдатушы) тыныс жолдарының аурулары, жүрек соғуы, невралгия, миалгия және т.б. аурулар кезінде қолданылады.

4-5 қыша қақазды күніне 1 рет. Эфирлі қышы майын 2% спирттік ерітінді түрінде жергілікті тітіркендіруші және алаңдатушы заттар ретінде қолданады.

Кері көрсеткіштері.Тері зақымдануларында, іріңді ауруларда, нейродермитте, сулы экземада, псориазда.

Терпентиннің тазаланған майы(Oluеm Terebinthinaе rectificatum) скипидар – эфирлік май. Бұл кәдімгі қарағай бүршігін айдаудан алған өнім, тері арқылы өтіп, сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді, ауыруды басатын (алаңдатушы) және антисептикалық әсер көрсетеді. «Финалгон», «Капсикам» майларының құрамына кіреді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бұл заттардың екі мақсатта қолданады: біріншіден, жарақаттанған жердегі ауырсынуды басу үшін, яғни көңілді басқаға аудару, екіншіден, патологиялық үрдіс кезінде ішкі денедегі трофиканы жақсарту үшін. Невралгия, радикулит, миалгия, аяқ-қол қақсағанда, миозитте, полиартриттерге, сонымен қатар бумен дем алу үшін ірінді бронхитте, бронхоэктазияда қолданылады.



Кері көрсеткіштері.Бауыр мен бүйрек паренхимасының зақымданулары кезінде.

Шығарылу түрі.20 % жағынды 15 және 25 г банкада және 15, 25 және 50 г тубаларда және 10, 30 және 50 мл флакондағы майлы ерітінді.

Ментол(Mentholum) жалбыз майынан алатын (бұрыш жалбызының жапырағында) – салқындатқыш рецепторларды тітіркендіреді, аздап жансыздандырады, рефлекторлы жолмен қан тамырларының қысымын өзгертеді. Бұл қасиетін жүрек-қан тамырларын кеңейтетіндігінен байқауға болады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Невралгия, миалгия артралгия кездерінде 2% спирттік ерітіндісі немесе 10% майлы жүзгіні ұсынылады; қышымалы дерматозды емдеуде 1% ланолинді-вазелин май немесе 0,5% спирттік ерітінді қолданылады.

Жоғары тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында (тұмау, фарингит, ларингит, трахеит) бумен дем алу немесе интраназальды тамшы түрінде береді. «Валидол» құрамына кіреді, сондықтан стенокардияда қолданылады. Сонымен қатар, ментол көптеген сыртқа қолданылатын алаңдатушы дәрілердің құрамына кіреді (броментол, меновазин, кафомен, эфкамон).



Кері көрсеткіштері. Жас балалардың мұрнына жағуға, өңешіне бумен дем алуға болмайды. Өйткені тынысы нашарлап, демі тоқтап қалуы мүмкін.

Шығарылу түрі.1% вазилин майындағы ерітінді (тамшы); 1 және 2% флакондағы спиртті және майлы (ментол майы) ерітінді 10, 20, 25 және 30 мл және флакон-тамшыда 10 мл; ментол каламы.

Аммиак ерітіндісі(SоІ. Ammonii caustici) мүсәтір спирті. Өткір иісі бар, ұшқыш сұйықтық. Тыныс алғанда жоғары тыныс жолдарының сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіріп, тыныстың орталығына қоздырушы әсер береді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жедел жәрдем ретінде естен танған кезде тынысты қоздыру үшін, мақтаға тамызып мұрынға 1 сек. иіскетеді. Кейде құстыру үшін 5-10 тамшысын 100 мл суға қосып береді. Жәндік шаққанда сыртқа дәріленген дәкені басу ретінде қолданады.

Кері көрсеткіштері.Дерматитте, экземада және тері ауруларында.

Жанама әсерлері.Жоғары шоғырымда тынысты рефлекторлы тоқтатуы мүмкін және өңеш пен асқазанның күйіктерін туғызады.

Шығарылу түрі.10% ерітінді 10, 40 және 100 мл флаконда және 1 мл ампулада .

Орытынды

Сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргіш факторлардан қорғайтын препараттарға -тұтқыр, қаптағыш және сорғыш дәрілер жатады. Тұтқыр дәрілер шырышты қабатпен жанасқан кезде коллоидты қосылыстар түзеп, нәтижесінде тамырлардың тарылуына, олардың экссудаттар үшін өткізгіштігіне төмендеуіне, ауыру сезімінің басылуына, қабыну үрдісінің азаюына әкеледі. Тұтқыр дәрілерге органикалық заттар (танин, емен қабығының қайнатпасы, шайқурай шөбінің тұнбасы, шатыраш жапырағы, зерде гүлін ж.т.б.), неорганикалық (висмут субнитраты, дерматол, ксероформ, қорғасын ацетаты, ашутас (квасцылар), мырыш тотығы, мыс сульфаты, күміс нитраты және т.б.) жатады. Қаптағыш дәрілер сумен қосылып, коллоидты ерітінді түзейді, ол шырышты қабықшаны жауып, сезгіш жүйке ұштарына тітіркендіргіш заттардың әсеріне кедергі жасайды. Бұл заттарға негізінен крахмал кілегейі (Mucilago Amyli), зығыр дәнінің кілегейі жатады. Олар жергілікті қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер көрсетеді. Гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларында және энтероколитте қолданылады. Дәрілермен бірге ауыруды басатын бір реттік клизма ретінде, қышқылдар мен негіздермен уланғанда ұзақ уақыт ішке шырышты қабатты жаралардан қорғау мақсатында тағайындайды. Тітіркендіріш заттар сезімтал жүйке ұштарын белсендіреді және тітіркендіріп қозу әрекетін арттырады. Сонымен қатар, зақымдалған мүшені немесе тінді иннервациялайтын орайлас жүйкеге орталық жүйке жүйесі арқылы алаңдатумен, ауыру сезімін басады. Олар сонымен, теріге жергілікті әсер көрсетеді, ол биологиялық белсенді заттардың – гистаминнің, брадикининнің және серотониннің бөлінуіне әкеледі.

Олданылған әдебиет

1. www.medichelp.ru › Учебник по медицине › Фармакология

2. www.spravocnikpolekarstvam.ru/.../sredstva-vliiaiushchie-na-afferent...

3. www.fesmu.ru/elib/Article.aspx?id=

4. web-local.rudn.ru/web-local/prep/rj/files.php?f=5083

5. max.1gb.ru/farm/farm003.shtml


2180264780272924.html
2180335758123624.html
    PR.RU™