Тақырыбы: Қалдықтарды орналастыру үшін төлем есебі 1 часть  

Тақырыбы: Қалдықтарды орналастыру үшін төлем есебі 1 часть

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы

КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Мұнай және газ» факультеті

«Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы

БЕКІТЕМІН
Оқу ісі жөніндегі проректор
____________М.Б. Имандосова
____________

050731 – «Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігі»

мамандығы

«Экологиялық жобалау»

Пәнінен

Тәжірибелік (зертханалық) жұмыстарды орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

АҚТАУ 2014

УДК 502 (075)

«Экологиялық жобалау» пәнінен

тәжірибелік (зертханалық) жұмыстарды орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулық

Университеттіңоқу-әдістемелік кеңесі бекіткен (______________ күнгі №_____хаттама);

Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы ұсынған(______________күнгі №____ хаттама);

Бюро төрағасы Ақкенжеева А.Ш.
(қолтаңбасы) (аты-жөні, тегі)

Кафедра отырысындамақұлданған(______________күнгі №_____хаттама);

Кафедра меңгерушісі Тлепиева Г.Ш.
(қолтаңбасы) (аты-жөні, тегі)

Құрастырған:

Кафедра доценті Серікбаева А.Қ.
(лауазымы) (қолтаңбасы) (аты-жөні, тегі)

Рецензент:

Т.ғ.д, проф. Кенжетаев Г.Ж.
(лауазымы) (қолтаңбасы) (аты-жөні, тегі)

Аннотация:

Бұл әдістемелік нұсқаулық 050731 – «Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігі» мамандығына «Экологиялық жобалау» пәнінен тәжірибелік (зертханалық) жұмыстарды орындауға арналған.



Жұмыста экологиялық жобалауда жүргізілетін негізгі жұмыстар жиынтығы келтірілген. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың әдісі, тәсілдері процедурасы, талаптары, объектілері қарастырылып, мемлекеттік экологиялық сараптама мен экологиялық аудит жүргізу ережелері берілген.

Практикалық сабақтардағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде студенттердің экологиялық жобалаудың негіздерін терең түсінуге, қоршаған ортаның сапасын, жай-күйін бағалап, өндіріс, шаруашылық қызметтерді жобалаудағы экологиялық қауіптері айқындау бағытындағы жүргізілетін есептер мен іс әрекеттерді іс жүзінде игереді.

Экологиялық жобалаудың теориялық білімін тереңдетуге және бекітуге арналған он алты практикалық сабақтың мазмұны берілген.

Алғы сөз

Бұл әдістемелік нұсқаулық 050731 – «Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігі» мамандығына «Экологиялық жобалау» пәнінен тәжірибелік (зертханалық) жұмыстарды орындауға арналған.

Жұмыста экологиялық жобалауда жүргізілетін негізгі жұмыстар жиынтығы келтірілген. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың әдісі, тәсілдері процедурасы, талаптары, объектілері қарастырылып, мемлекеттік экологиялық сараптама мен экологиялық аудит жүргізу ережелері берілген.



Практикалық сабақтардағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде студенттердің экологиялық жобалаудың негіздерін терең түсінуге, қоршаған ортаның сапасын, жай-күйін бағалап, өндіріс, шаруашылық қызметтерді жобалаудағы экологиялық қауіптері айқындау бағытындағы жүргізілетін есептер мен іс әрекеттерді іс жүзінде игереді.

Экологиялық жобалаудың теориялық білімін тереңдетуге және бекітуге арналған он алты практикалық сабақтың мазмұны берілген.

Мақсаты: Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың негізгі нормативті-құқықтық процедураларының құрамы, міндеттері, шаруашылық және басқа да іс-шараларды жобалау мен жоспарлау туралы білім қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Cтуденттерге экологиялық жобалаудың әдістері, әдістемелері мен жалпы принциптерінің негізгі жолдарын түсіндіріп, оқыту;

2. Экологиялық экспертиза және жобалаудың объектілері түсіндіру;

3. Шаруашылық қызметтің (әрекеттің) қоршаған ортаға әсерін бағалау әдістерімен таныстыру;

4. Технологиялар мен жаңа материалдарды, табиғатты пайдалану үшін берілетін лицензияларды, қала тұрғызу жобаларын, өндірістік жобаларды, базалық энергетика нысандарын, табиғат қорғау нысандарын т.б. экологиялық негіздеу маңыздылығын түсіндіру

Студент меңгеруі қажет:

- экологиялық жобалаудың әдістері, әдістемелері мен жалпы принциптерін;

- технологиялар мен жаңа материалдарды экологиялық негіздеуді;

- табиғатты пайдалану үшін берілетін лицензияларды экологиялық негіздеуді;

- өндірістік және қала құрылысы жобаларын экологиялық негіздеуді.

жасай білуі қажет:

- өндірістің экологиялық қауіпсіздік категориясын бағалау;

- су сапасын интегралды және кешенді бағалау;

- стационарлық және көшпелі көздерден көздерден алынатын төлемдерді есептеу;

- қалдықтарды орналастыру үшін төлемді есептеу;

- суқоймаларға тастағаны үшін алынатын төлемді есептеу;

Тәжірибелік сабақ №1

Тақырыбы:Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғаудағы заңнамалар

Жұмыстың мақсаты:Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамаларын талдау

Қарастыратын сұрақтар:

1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын жетiлдiру

2) Экологиялық аудит кезіндегі нормативтiк көрсеткiштер

3) Экологиялық бiлiм беру және тәрбие

Тапсырма 1. Экологиялық заңнамалар, заңдар, кодекс т.б. қарастыру (әрбір студентзаңнамаларды жеке қарастырып талқылайды)

Тапсырма 2.Заңнамаларды салыстырмалы түрде талдау жасау.

Қысқаша ақпарат.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы елдегі ең негізгі заң актісі – Экологиялық кодекс –2007 жылдың 9 қаңтарында қабылданды. Ертеректегі үш басты заң (Қоршаған ортаны қорғау заңы, Экологиялық сараптама заңы, Атмосфералық ауаны қорғау заңы) олардың Экологиялық кодекске енгізілуінен кейін қысқартылды. Бұған қоса, Экологиялық кодекс қабылдағаннан кейін 80 жуық нормативті-құқықтық акт қысқартылды. Кодекстің басты мақсаты – қазіргі экологиялық заңды жаңа стандарттарға ауысуға және мемлекеттік бақылау жүйесін жақсартуға көмектесетін жетекші халықаралық стандарттармен үйлестіру

Қоғамды экологияландыру - бұл адамның табиғатпен үйлесiмдiлiгiне қол жеткiзуге бағытталған қоғам көзқарасының жүйесiн қалыптастыру процесi. Оны жүзеге асыру экологиялық бiлiм беру мен тәрбиелеудi дамыту, ғылыми қамтамасыз ету, экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы жолымен жүргiзiледi.

Экологиялық бiлiм беру және тәрбие

Қоғамның экологиялық мәдениетiн қалыптастырудың негiзi ретiнде экологиялық бiлiм берудi дамыту үшiн:

бiлiм берудiң барлық деңгейiндегi оқу бағдарламаларына экология және тұрақты даму мәселелерiн енгiзу жолымен үздiксiз экологиялық бiлiм берудiң жүйесiн қалыптастыру;

мiндеттi және қосымша бiлiм беру жүйесiнiң барлық деңгейi үшiн экология саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;

экологиялық бiлiм берудi мемлекеттiк қолдау қажет;

табиғи жүйелердiң экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерiн айқындау;

экологиялық таза және pecуpc үнемдейтiн технологияларды, өндiрiстердi, шикiзаттың түрлерiн, материалдарды, өнiм мен жабдықты, оның iшiнде ауыл шаруашылығында, әзiрлеу

биологиялық әртүрлiлiктi, биоқауiпсiздiктiң ғылыми негiздерiн сақтау проблемасын зерделеу;

климаттың ықтимал жаhандық және өңiрлiк өзгерiстерiн және табиғи орта үшiн оның салдарларын зерттеу;

экологиялық қатерлердi айқындаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу;

ластанулардың алдын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды кәдеге жаратудың құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу;

адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерiстерiнiң арасындағы байланысты зерделеу;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған бiлiмдi жүйелеу және ғылыми зерттеулердi үйлестiру.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау бағытында қандай заңдар жүйесі бар?

2. Экологиялық кодекс қай жылы бекітілді?

3. Қоғамды экологияландыру деген не?

4. Экологиялық бiлiм беру және тәрбие қалай іске асады?

Әдебиеттер:

1. В.К. Донченко, В.В. Иванов. Оценка воздействия на ОС. Уч. пособие. М.: Изд. Центр «Академия», 2013 - 400с.

2. Экологическая экспертиза: учеб.пособие /И.К.Донченко и др.. – М.: Издательский центр «Академия», 2010. – 528с.

Тәжірибелік сабақ №2

Тақырыбы:Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) әдістері мен тәсілдері

Жұмыстың мақсаты:ҚОӘБ әдістерін оқып үйрену

Қарастыратын сұрақтар:

1) ҚО әсерді бағалудың критерий базасы;

2) ҚО әсерді бағалауда экспертті-ақпаратты жүйені қолдану;

3) ҚО-ға техногенді салмақтың интенсивтілігін бағалау әдісі.

Тапсырма 1.Бірінші, екінші сұрақ бойынша реферат дайындау

Тапсырма 2. Үшінші сұраққа конспект дайындау

Қысқаша ақпарат.ҚОӘБ басты мақсаты – жобаның қоршаған ортаға ықтимал кері әсерінің және жобаға байланысты әлеуметтік ортаға әсерінің алдын алу және /немесе азайту болып табылады.

2006 жылға дейін қоршаған ортаға әсерін бағалауға (ҚОӘБ), Қоғамдық экологиялық сараптама (ҚЭС) және Мемлекеттік экологиялық сараптама (МЭС)/(Экологиялық шолу) қатысты қағидалар Экологиялық сараптама заңында қарастырылған болатын. Сәйкес қағида енді Экологиялық кодекске енгізілді. ҚОӘБ нормативті негізі ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылдың 28 маусымындағы № 207-p Бұйрығымен бекітілген «Жоспардан бұрынғы, жоспарлы, алдын-ала жобалық және жоба құжатын дайындау кезінде жоспарланған шаруашылық әрекетінің қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізу ретіне қатысты нұсқау» болып табылады. Ережелерде бес кезең анықталған: 1) Қоршаған орта жағдайына шолу жасау; 2) Алдын‑ала жасалған ҚОӘБ; 3) ҚОӘБ; 4) «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі; және 5) Жобадан кейінгі сараптама.

Бақылау сұрақтары:

1. Экологиялық индикатор деген не?

2. Халықаралық және ұлттық бағдарламаларда қолданылатын индикаторлар мен критерий түрлері қандай?

3. Тұрғындарды дамытуда орта сапасының индексіне не жатады?

4. «Жандану» индексіне не жатады?

5. Эксперттік-ақпараттық жүйе деген не?

6. Геоақпараттық жүйе деген тне?

Әдебиеттер:

1. В.К. Донченко, В.В. Иванов. Оценка воздействия на ОС. Уч. пособие. М.: Изд. Центр «Академия», 2013 - 400с.

2. Экологическая экспертиза: учеб.пособие /И.К.Донченко и др.. – М.: Издательский центр «Академия», 2010. – 528с.

Тәжірибелік сабақ №3

Тақырыбы:Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) облысындағы әлемдік тәжірибе

Жұмыстың мақсаты:Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың әлемдік тәжірибесімен анысу

Қарастыратын сұрақтар:

1) ҚОӘБ жүргізудегі халықаралық тәжірибе;

2) ҚО шарушылық және басқа қызметтердің мүмкінді әсерін бағалаудың ұлттық процедурасы

Тапсырма:Бірінші, екінші сұрақ бойынша конспект дайндау

Қысқаша ақпарат.АҚШ-та тиісті штаттың немесе елді мекеннің аумағындағы жергілікті биліктің юрисдикциясымен қолданылатын құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес қала құрылысы және құрылыс заңнамаларын сақтау бөлігінде бақылау және жобалардың мемлекеттік сараптамасы бар. Лауазымды тұлғалар басқаратын ұйымдар әртүрлі нысанда болады және олардың тиісті мәртебесі болуы мүмкін. Бұл барлық бағыттар (жобалардың тараулары) бойынша сарапшылары бар мемлекеттік органның бөлімі немесе мамандандырылған мемлекеттік ұйым болуы мүмкін. Канададағы мемлекеттік сараптама процесін бағалау және жобалау құжаттамасының сапалық деңгейін тексеру барысы көбінесе АҚШ-тың мемлекеттік сараптамасына ұқсас болып келеді. Германияда жер басқарушыларына, жоспарлау және аумақтың құрылысына бақылау жүргізетін жергілікті атқарушы билік құрылымында тиісті органдар құру міндеттемелері жүктелген. Бұл жер министрліктері немесе жобалау ісінің барлық бөлімдері бойынша маман-сарапшылары бар муниципалитет инспекцияларының құрылыс бөлімдері. Мысалы, Бавария жерінің құрылыстағы жоғарғы органы Ішкі істер министрлігі болып табылады, оның құрамына жобалау және құрылысты, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың пайдаланылуын бақылауды ұйымдастыратын өз штаты бар құрылыс департаменті кіреді.

Бақылау сұрақтары:

1. Эспоо конвенциясы деген не?

2. Трансшекаралық әсер дегенді қалай түсінесің?

3. ҚОӘБ процесінде шешілетін негізгі міндеттер тізімі қандай?

Әдебиеттер:

1. В.К. Донченко, В.В. Иванов. Оценка воздействия на ОС. Уч. пособие. М.: Изд. Центр «Академия», 2013 - 400с.

2. Экологическая экспертиза: учеб.пособие /И.К.Донченко и др.. – М.: Издательский центр «Академия», 2010. – 528с.

Тәжірибелік сабақ №4

Тақырыбы:Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) процедурасы

Жұмыстың мақсаты:ҚОӘБ процедурасымен танысу

Қарастыратын сұрақтар:

1) Жобаны экологиялық бағалаудың реті;

2) ҚО әсерді бағалауда қажетті материалдар құрамы;

3) Экологиялық қауіп;

4) Экологиялық болжау (прогноз) әдістері

Тапсырма 1.Бірінші сұрақ бойынша схема жасау;

Тапсырма 2.Екінші, төртінші сұраққа конспект дайындау;

Тапсырма 3. Үшінші сұраққа реферат дайындау;

Қысқаша ақпарат.ҚОӘБ алғашқы кезеңі «Қоршаған орта жағдайына шолу жасау» жоспарлан әрекет аумағындағы табиғи және әлеуметтік-экономикалық ортаның жалпы сипаттамасын, аумақты пайдаланудағы негізгі тенденциялар сараптамасын және ҚОӘБ басты ұстанымын анықтауды қамтиды. ҚОӘБ екінші кезеңі «Алдын-ала жасалған ҚОӘБ» табиғи және әлеуметтік‑экономикалық ортаның құрамдас бөліктеріндегі ықтимал өзгерістер және олардың салдары анықталады. Үшінші кезең жобаны жүзеге асырудың немесе одан кейінгі шаруашылық және өзге әрекетті орындаудың ықтимал салдарының толық және кешенді сараптамасын қамтамасыз ету, баламалы нұсқалардың негіздемесін жасау және қоршаған ортаны басқару жоспарын (бағдарламасын) дайындау мақсатында әсерін бағалауды қамтиды. Төртінше кезеңде қоршаған ортаға жағымсыз әсерін болдырмауға қатысты техникалық шешімдерді қамтитын жұмыс нобайының құрамындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі жасалады. Ең соңында, шаруашылық және өзге әрекетті орындаудың басталуынан бір жылдан кейін нысанның қоршаған орта үшін қауіпсіздігін растау және табиғатты қорғау шараларын түзету мақсатында жобадан кейінгі сараптама жүргізіледі. ҚОӘБ үдерісі барысында қарастырылуы тиіс ережелер мен процедуралар, сондай-ақ, барлық қажетті аспектілер Кодекстің 35-44 Баптарында сипатталған.

Бақылау сұрақтары:

1. Инженерлік-экологиялық ізденістің негізгі мақсаты?

2. Бағалауда қарастырылатын альтерантивтің негізгі типтері

3. Экологиялық бақылау деген не?

4. Экологиялық мониторинг деген не?

5. Экономикалық қауіп деген не?

6. Л.Кантердің әсердің «шкала значимости» не жатады?

Әдебиеттер:

1. Экологическая экспертиза: учеб.пособие /И.К.Донченко и др.. – М.: Издательский центр «Академия», 2010. – 528с.

2. Н.М.Ларионов, А.С. Рябышенков. Промышленная экология. Учебник. М.: Изд-во юрайт, 2014. – 495с.

Тәжірибелік сабақ №5

Тақырыбы:Қоршаған ортаға әсерді бағалау талаптары

Жұмыстың мақсаты:ҚОӘБ талаптарын меңгеру

Қарастыратын сұрақтар:

1) ҚОӘБ-ға Еуропалық даму және қайта құру банкінің талаптары;

2) Еуропа елдері одағының ҚОӘБ процедурасы;

3) Экологиялық бағалауға қойылатын салыстырмалы анализ талаптары;

4) Экологиялық бағалау және шешім қабылдау.

Тапсырма:Барлық сұрақ бойынша конспект жасау

Қысқаша ақпарат.1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде:

1) тікелей әсер - объектіні орналастыру ауданында жоспарланып отырған негізгі және ілеспе қызмет түрлерінің тікелей тигізетін әсері;

2) жанама әсер - жобаны іске асыру салдарынан пайда болатын жанама (кейінгі) факторлардан туындайтын қоршаған ортаға әсер;

3) кумулятивтік әсер - жобаны іске асыруға ілесе жасалатын, өткен, қазіргі немесе негізделіп алдын ала болжанатын іс-әрекеттерден туындайтын, үнемі ұлғаю үстіндегі өзгерістер салдарынан пайда болатын әсер есепке алынуға тиіс.

2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде:

1) атмосфералық ауаға;

2) жер үсті және жер асты суларына;

3) сутоғандары түбінің беткі жағына;

4) ландшафттарға;

5) жер ресурстарына және топырақ жамылғысына;

6) өсімдіктер дүниесіне;

7) жануарлар дүниесіне;

8) экологиялық жүйелердің жай-күйіне;

9) халық денсаулығының жай-күйіне;

10) әлеуметтік салаға (халықты жұмыспен қамту, білім беру, көлік инфрақұрылымы) әсерді бағалау жүргізіледі.

3. Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу процесінде табиғи орта мен адам денсаулығына теріс және оң әсерлер есепке алынуға тиіс.

1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қала құрылысының және құрылысты жобалаудың кезеңдері ескеріле отырып, дәйекті түрде жүзеге асырылады.

2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау мынадай кезеңдерді қамтиды:

1-кезең. Аумақты бағалау (қоршаған ортаның жай-күйін шолу), объектіні орналастыруға арналған учаскені оңтайлы таңдауды негіздеу үшін орындалады;

2-кезең. Инвестициялардың негіздемесіне (жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесіне) ілесе жасалатын қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау;

3-кезең. Әсерді бағалау, ол жобаны іске асырудың немесе шаруашылық және өзге де қызметті одан әрі жүзеге асырудың ықтимал әсерлерін толық және кешенді талдау, баламалы нұсқаларды негіздеу және қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) әзірлеу мақсатында орындалады;

4-кезең. Жұмыс жобасы құрамындағы "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімі, ол қоршаған ортаға қолайсыз әсерлерді болдырмау жөніндегі техникалық шешімдерді қамтиды;

5-кезең. Жобалаудан кейінгі талдау, ол шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру басталғаннан кейін бір жыл өткен соң объектінің қоршаған ортаға қауіпсіздігін растау және табиғат қорғау іс-шараларына түзету енгізу үшін жүзеге асырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Экологиялық әсер анализі (АЭВ) қайда қолданылады?

2. Экологиялық әсер анализі есебінің типтік мазмұны қандай?

3. Экологиялық шешім қабылдаудың көп тараған формальді әдісі қандай?

Әдебиеттер:

1. Экологическая экспертиза: учеб.пособие /И.К.Донченко и др.. – М.: Издательский центр «Академия», 2010. – 528с.

2. Дьяконов К.Н., Дончева А.В. Экологическое проектирование и экспертиза: Учебник для вузов – М.: Аспект Пресс, 2002. – 384с.

Тәжірибелік сабақ №6

Тақырыбы:Ортаны нормалау критерийлері

Жұмыстың мақсаты: Қоршаған орта сапасының нормативтерін білу

Қарастыратын сұрақтар:

1. Қоршаған орта жай-күйінің химиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген нормативтер;

2. Қоршаған орта жай-күйінің физикалық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген нормативтері;


2181775022038602.html
2181784204146840.html
    PR.RU™